Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Turannews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Түркістан тұлғалар
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Түркістан тұлғалар
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Turannews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Әлем

Коронавирус кезінде Құдайға сенім күшейе түсті – Израиль раввині

Коронавирус кезінде Құдайға сенім күшейе түсті – Израиль раввині
14 Қыркүйек, 2022
in Әлем
0
0
SHARES
24
VIEWS

Дін көшбасшылары іс жүзінде үлгі болып, адамдарды жақсылыққа үйретуі керек. Бұл пікірді Израильдің Бас Сефард раввині Ицхак Иосиф айтты, деп хабарлайды Turkistanzaman ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Коронавирус арқылы Құдайға деген сенім күшейе түсті, өйткені адамдар өздеріне ештеңе тәуелді еместігін, кішкентай вирусты бірде-бір сарапшы түсіне алмайтынын көрді. Мұның бәрі Құдайдың қолында. Бәріміз жаратушыға жалбарынамыз, қасиетті дұға бізді індеттерден, соғыстардан қорғап, әлемді саналы және жақсырақ етуін тілейміз. Жаратушының дұғаларымызды қабыл етуі үшін не істей аламыз? Айналамызға көмек көрсетіп, жаман әдеттерден бас тарту керек», — деді Ицхак Иосиф әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде.

Раввиннің айтуынша, жауап ретінде мұның бәрінің қайтарымы болады.

«Дін көшбасшылары шыдамдылық, жұмсақтық, жаман әдеттерден бас тарту, шыдамдылық, бір-біріне құрмет көрсетуде іс жүзінде үлгі болып, адамдарды жақсылыққа үйретуі керек», — деп толықтырды раввин.

Айта кетейік, бүгін елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі өтіп жатыр. Екі күнге созылатын съезге 50 елден 100-ден астам делегация, оның ішінде ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм, синтоизм діндерінің өкілдері, сондай-ақ саяси және қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйымдар мүшелері келген.

Діни форумға Рим Папасы Франциск, Әл-Азхардың Жоғарғы имамы Ахмед Мохаммед Ахмед ат-Тайеб, Иерусалим Патриархы III Теофил, Ашкеназдың бас раввині Давид Лау, Израильдің Бас сефард раввині Ицхак Иосифтің және басқа да діни жетекшілер, сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйым өкілдері қатысады.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас ашкенази раввині Давид Лау мен Бас сефард раввині Ицхак Иосифті қабылдады. Мемлекет басшысы Израиль Қазақстанның Таяу Шығыстағы маңызды серіктесі екенін атап өтті, сондай-ақ сауда-экономикалық іс-әрекеттер жанданып, мәдени-рухани байланыстар дәйекті түрде нығайып келе жатқанын айтты. Давид Лау мен Ицхак Иосиф Қазақстанның конфессияаралық диалогты нығайтуға бейілді екеніне, әрдайым діни сенім бостандығын қолдайтынына назар аударып, бұл салада өзге мемлекеттерге үлгі болатынын жеткізді.

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте жүк көлігі велосипедті соғып, 50 жастағы тұрғын көз жұмды

Келесі жаңалық

Рим папасы Абай туралы айтты

Ұқсас жаңалықтар

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге үй беріле бастады
Басты жаңалықтар

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге үй беріле бастады

27 Сәуір, 2023
БАҚ Түркия президенті Ердоған инфаркт алғаны туралы жазып жатыр
Басты жаңалықтар

БАҚ Түркия президенті Ердоған инфаркт алғаны туралы жазып жатыр

27 Сәуір, 2023
Түркиядағы екінші жарылыстың себебі анықталды
Әлем

Түркиядағы екінші жарылыстың себебі анықталды

16 Қараша, 2022
Ыстамбұлдағы жарылыста зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ
Әлем

Ыстамбұлдағы жарылыста зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

14 Қараша, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға келді

3 Мамыр, 2023

Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

2 Мамыр, 2023

4%-дық несиемен темір тұлпар

28 Сәуір, 2023

Қазақстандық көлік импорты: шетелден көлік алу тиімді ме?

28 Сәуір, 2023

Қазақстанда 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

27 Сәуір, 2023

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге үй беріле бастады

27 Сәуір, 2023

БАҚ Түркия президенті Ердоған инфаркт алғаны туралы жазып жатыр

27 Сәуір, 2023
Келесі жаңалық
Рим папасы Абай туралы айтты

Рим папасы Абай туралы айтты

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@turannews.kz, 
  • www.turannews.kz

Басты жаңалықтар

Ресей саясаткері: «Ол Тоқаевтың есімін қасақана қате айтты»

Ресей саясаткері: «Ол Тоқаевтың есімін қасақана қате айтты»

by
21 Маусым, 2022
0

Қамқорлық бағдарламасы аясында 85 отбасы баспаналы болды

Қамқорлық бағдарламасы аясында 85 отбасы баспаналы болды

by
6 Мамыр, 2022
0

Статистика

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2023 Turannews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2023 Turannews.kz