Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Turannews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Түркістан тұлғалар
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Түркістан тұлғалар
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Turannews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Қоғам

ЕҰУ студенті үлкен сандарды калькуляторсыз есептеу формуласын тапты

ЕҰУ студенті үлкен сандарды калькуляторсыз есептеу формуласын тапты
12 Қазан, 2022
in Қоғам
0
0
SHARES
8
VIEWS

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ІІ курс студенті үлкен сандарды калькуляторсыз есептеудің жаңа формуласын ойлап тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бүгінде жас ғалымның қоржынында 33 түрлі формула бар. Дарынды студент алдағы уақытта өз еңбегін патенттеп, шәкірт тәрбиелеуді армандайды.

Ақпараттық технологиялар факультетінің білім алушысы Бек Мұсабековтың математика саласына қызығушылығы мектеп қабырғасында оянған. Талантты жас квадрат және куб әдістерімен формулаларды 9-ші сыныпта алғаш рет ойлап тапты.

«Түбір астынан жуықтап табу» амалын баған және квадрат арқылы шешу де — оның мектептегі еңбегінің жемісі. Нақты ғылымға қызыққан студент ізденімпаздығының арқасында үлкен сандарды калькулятордың көмегінсіз есептеуге болатын формула жасап шығарды.

«Калькулятор қолдану мүмкіндігі жоқ барлық жерде, тіпті емтиханда да менің формуламмен есептер еркін шығарылады. Оның үстіне бұл – уақыт үнемдеуге де үлкен мүмкіндік. Енді осы формулаларымды патенттеп алғым келеді. Менің ойлап тапқан формуламды оқу бағдарламасына кіргізуге болады деп ойлаймын. Алдағы уақытта математикадан шәкірт тәрбиелеп, оқушыларымды олимпиадаларға дайындасам деген ниетім бар», — деп өзінің жоспары туралы айтты.

Бүгінде ЕҰУ жас ғалымының қоржынында калькуляторсыз есептеудің 33 түрлі формуласы бар. Оның 29-ын мектеп қабырғасында шығарса, 4-еуін университетте жүріп ойлап тапқан. Студент үлкен сандарды калькуляторсыз есептеудің бұдан да оңай формулаларын іздеуді жалғастырмақ.

Бек Мұсабеков өзінің қабілетін 2021 жылы «Дарынды жас ғалым» республикалық ғылыми-жобалар байқауында ортаға салып, «Дарын» аталымы бойынша топ жарды. ЕҰУ студенті «ҚР тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік төсбелгісімен де марапатталған.

Алдыңғы жаңалық

Фейсбук фейк аккаунттарды жаба бастады

Келесі жаңалық

Түркістанда тұңғыш рет қазақ күресінен «Turan Barysy» Азия кубогы өтеді

Ұқсас жаңалықтар

4%-дық несиемен темір тұлпар
Баға

4%-дық несиемен темір тұлпар

28 Сәуір, 2023
Түркістан облысында жеңіл көлік аялдамаға соғылып, үш адам жапа шекті
Аймақ

Түркістан облысында жеңіл көлік аялдамаға соғылып, үш адам жапа шекті

15 Қараша, 2022
«Отбасы банк» салымшылары «7-20-25» бағдарламасының орнына ұсынылған ипотекаға қалай қатысады
Қоғам

«Отбасы банк» салымшылары «7-20-25» бағдарламасының орнына ұсынылған ипотекаға қалай қатысады

15 Қараша, 2022
Шымкентте 250 млн теңгенің салығын төлемеген кәсіпкер сотталды
Қоғам

Шымкентте 250 млн теңгенің салығын төлемеген кәсіпкер сотталды

15 Қараша, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға келді

3 Мамыр, 2023

Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

2 Мамыр, 2023

4%-дық несиемен темір тұлпар

28 Сәуір, 2023

Қазақстандық көлік импорты: шетелден көлік алу тиімді ме?

28 Сәуір, 2023

Қазақстанда 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

27 Сәуір, 2023

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге үй беріле бастады

27 Сәуір, 2023

БАҚ Түркия президенті Ердоған инфаркт алғаны туралы жазып жатыр

27 Сәуір, 2023
Келесі жаңалық
Түркістанда тұңғыш рет қазақ күресінен «Turan Barysy» Азия кубогы өтеді

Түркістанда тұңғыш рет қазақ күресінен «Turan Barysy» Азия кубогы өтеді

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@turannews.kz, 
  • www.turannews.kz

Басты жаңалықтар

Ресей саясаткері: «Ол Тоқаевтың есімін қасақана қате айтты»

Ресей саясаткері: «Ол Тоқаевтың есімін қасақана қате айтты»

by
21 Маусым, 2022
0

Қамқорлық бағдарламасы аясында 85 отбасы баспаналы болды

Қамқорлық бағдарламасы аясында 85 отбасы баспаналы болды

by
6 Мамыр, 2022
0

Статистика

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2023 Turannews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2023 Turannews.kz