Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Turannews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Түркістан тұлғалар
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Баға
    • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Түркістан тұлғалар
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Turannews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Аймақ

Арыс өңірінде балық өсіру шаруашылығы өркендеп келеді

Арыс өңірінде балық өсіру шаруашылығы өркендеп келеді
4 Қараша, 2022
in Аймақ
0
0
SHARES
3
VIEWS

Дермене ауылының іргесіндегі Арыс өзенінің жиегінде жұмыс істей бастаған «DERMENE AGRO GROUP» ЖШС-нің жұмыс-жайымен танысқан Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова өңірде балық өсіру шаруашылығы өркендеп келе жатқанын айтты.

Ені – 7, ұзындығы – 26, ал тереңдігі – 2 метр болатын 6 су бассейінінде 30 мыңнан астам сазан тұқымдас шабақ өсіріп отырған дерменелік кәсіпкер Мақсат Тоқболаев 3 жылдан бері осы кәсіпке ден қойған. 5-6 айдан кейін өз өнімін нарыққа шығаратын ол жергілікті үш азаматты тұрақты жұмыспен қамтыған.

Бас-аяғы 40 миллион теңге қаржысын туған жеріне инвестиция ретінде құйған азамат аталған нысанға соңғы шабақты салу шарасына қала әкімін арнайы шақырған. Өйткені, кәсібінің дөңгелеуіне белгілі бір деңгейде жергілікті әкімдік тарапынан тиісті деңгейде көмек-кеңестер алып отырады.

«Осылайша, өзара ынтымақтаса отырып, ел экономикасын жақсартып, тұрмыс-тіршілігімізді түзейміз деген сенімдемін», – дейді кәсіпкер Мақсат Рахымжанұлы.

Ал қала әкімі Гүлжан Мамытқызы соңғы уақытта Арыс өңірінде балық өсіру саласы кең өріс алып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, тәжірибелік тұрғыда және өзге де бағыттарда кәсіпкерлерге жергілікті әкімдік тарапынан тиісті деңгейде көмектер ұйымдастырылуда.

Осы күнгі салмағы орташа есеппен 72 граммды құрайтын шабақ сәтін салса 5-6 айдан соң, 2-2,5 килограммға дейін өсіп, жетіледі. Ал оны өткізу жағы қазірдің өзінде шешілген. Алматы қаласындағы балық тарату нарығының 70-80 пайызын қамтамасыз етететін бір компания дерменелік балықтың килограммын 2-2,5 мың теңге шамасында сатып алатын болып ұсыныс білдіріп отыр.

Жақын күндері кәсіпкер су астын оттегімен қамтамасыз ететін арнайы аэроаторлар орнатсақ дейді.
«Өйткені, қыс мезгілінде су бетіне мұз қатып, судың құрамындағы оттегі төмендеуі мүмкін. Оның үстіне ауа темпаретурасы +10 градустан төмен түскен жағдайда балық ұйқыға кетіп, қозғалысы баяулайды. Ол кезде оның өсу процесі де қарқынды болмайды», – дейді Мақсат Рахымжанұлы.

Бүгінде кәсіпкер бассейін аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тікелей телефоннан бақылау жүргізетін бейнебақылау камераларын орнатқан. Озық технологияны оңай меңгеруді мақсат еткен кәсіпкер келешекте балық бассейінін кеңейтумен қатар, уылдырық алу мен дернәсілдерді шабақ күйіне дейін өсіруді де қолға алуды көздеп отыр.

Алдыңғы жаңалық

Сарыағаштағы кәсіпорын тәулігіне 20 тонна сүт өңдейді

Келесі жаңалық

Кентауда тазалық жұмыстары қарқынды

Ұқсас жаңалықтар

Азық-түлік қаншаға қымбаттауы мүмкін?
Аймақ

Азық-түлік қаншаға қымбаттауы мүмкін?

4 Сәуір, 2023
Ордабасы ауданында 9 елдімекен газбен қамтылған
Аймақ

Ордабасы ауданында 9 елдімекен газбен қамтылған

16 Қараша, 2022
Түркістан облысында жеңіл көлік аялдамаға соғылып, үш адам жапа шекті
Аймақ

Түркістан облысында жеңіл көлік аялдамаға соғылып, үш адам жапа шекті

15 Қараша, 2022
Арыста көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр
Аймақ

Арыста көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр

15 Қараша, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға келді

3 Мамыр, 2023

Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

3 Мамыр, 2023

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

2 Мамыр, 2023

4%-дық несиемен темір тұлпар

28 Сәуір, 2023

Қазақстандық көлік импорты: шетелден көлік алу тиімді ме?

28 Сәуір, 2023

Қазақстанда 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

27 Сәуір, 2023

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге үй беріле бастады

27 Сәуір, 2023

БАҚ Түркия президенті Ердоған инфаркт алғаны туралы жазып жатыр

27 Сәуір, 2023
Келесі жаңалық
Кентауда тазалық жұмыстары қарқынды

Кентауда тазалық жұмыстары қарқынды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@turannews.kz, 
  • www.turannews.kz

Басты жаңалықтар

Ресей саясаткері: «Ол Тоқаевтың есімін қасақана қате айтты»

Ресей саясаткері: «Ол Тоқаевтың есімін қасақана қате айтты»

by
21 Маусым, 2022
0

Қамқорлық бағдарламасы аясында 85 отбасы баспаналы болды

Қамқорлық бағдарламасы аясында 85 отбасы баспаналы болды

by
6 Мамыр, 2022
0

Статистика

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2023 Turannews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт
  • Зұлмат жылдар

© 2023 Turannews.kz